Ауа райы
Астана 30 °С
Алматы 30 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Шымкент қаласы әкімінің төрт орынбасары науқастанып қалды

2020 жылдың 30 маусым 2020 19:55

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат – Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтің төрт орынбасары науқастанып қалды. Қала әкімдігінің баспасөз қызметі олардың екеуі пневмонияға шалдыққанын растады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Мәлім етілгендей, пневмонияға шалдыққан қала әкімінің бірінші орынбасары Ербол Садыр мен орынбасар Алмасбек Мамытбеков ауруханада емделіп жатыр. Тағы екі орынбасары Мақсұт Исақов пен Нұрсадық Ергешбек те суықтап қалғаны белгілі болды.

«Қазір қала әкімінің бір орынбасары Бауыржан Мамыталиев – қызмет бабында. Қала әкімі Мұрат Әйтеновтің өзі бірер күн бұрын ғана қалыпты жұмыс тәртібіне оралды. Ол бұған дейін оқшауланып, қашықтан жұмыс істеген болатын», - делінген хабарламада.

Айта кетейік, еліміздің бұрынғы Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтан коронавирус анықталған соң, Шымкент қаласының әкімі де медициналық тексеруден өткен. М.Әйтеновтен қауіпті індеттің белгілері анықталмады.


Жоғары қарай