Ауа райы
Астана 6 °С
Алматы 10 °С
валюта бағамы
USD 447.60
EUR 489.41
RUB 5.71
CNY 63.05

Шымкент қаласы әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды

2020 жылдың 25 ақпан 2020 10:03

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкент қаласы әкімінің өкімімен қала әкімінің орынбасары қызметіне Алмасбек Мамытбеков тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Алмасбек Кеңесбекұлы 1969 жылы туған, білімі - жоғары, мамандығы бойынша география-биология пәндерінің оқытушысы, экономика және бизнес маманы.

Еңбек жолын 1994 жылы «Қазақстан» жастар орталығының менеджері болып бастаған А.Мамытбеков 1994-2005 жылдар аралығында Шымкент қаласының бірқатар басқармаларында бас маман, бөлім бастығы қызметтерін атқарған.

Бұдан бөлек, Оңтүстік Қазақстан облысы ішкі саясат басқармасының бастығы, Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің бас инспекторы, «Nur Otan» партиясы Оңтүстік Қазақстан облысы филиалы төрағасының бірінші орынбасары болған.

ОҚО Ордабасы ауданының әкімі және Түркістан облысы еңбек инспекциясы жөніндегі басқарма басшысы - Түркістан облысының Бас мемлекеттік еңбек инспекторы қызметтерін атқарған.


Жоғары қарай