Ауа райы
Астана 22 °С
Алматы 24 °С
валюта бағамы
USD 412.10
EUR 454.34
RUB 5.82
CNY 57.62

Шымкент қаласындағы короновирус ахуалы жайлы ақпарат

2020 жылдың 5 сәуір 2020 19:50

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі коронавирустың 14-ші тіркелген жағдайы және Шымкент қаласының медициналық ұйымында 1 адам қайтыс болғаны туралы хабарлай отырып көз жұмғанның туыстары мен жақындарына қайғы-қасіретке ортақтастығын білдіріп көңіл айтады.

2020 жылы 3 сәуірде Шымкент қаласында Түркістан облысы Мақтаарал ауданының тұрғыны 1964 жылы туылған ер адамға коронавирус инфекциясы диагнозы қойылды.

Артериялық гипертензия мен туберкулездың арқасында, қант деңгейінің қалпына келмеуіне байланысты науқастың тыныс алу жеткіліксіздігінің және интоксикация синдромының арқасында жалпы жағдайы нашар болды.

Бірінші сәттен бастап өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған болатын. Науқас өткізілген қарқынды терапияға қарамастан 2020 жылдың 05 сәуірінде көз жұмды.

Шымкент қаласында - 14, Түркістан облысында - 28 жағдай тіркелген. Жалпы Қазақстан бойынша - 569 жағдай тіркелген.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі


Басты сөздер:
Жоғары қарай