Ауа райы
Астана -12 °С
Алматы -3 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Шымкент пен Балқашта ауа сапасы нашарлайды

2020 жылдың 30 қазан 2020 02:08

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Қазгидромет» РМК 30 қазан күні еліміз қалаларында қалыптасатын метеорологиялық ахуал туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Синоптиктер мәліметінше, бүгін Шымкент қаласында және Қарағанды облысының Балқаш қаласында атмосфералық ауаның қолайсыз метеорологиялық жағдайы күтіледі.

Өзге шаһарларда ауа сапасы норма шегінде болады.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы. ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.




Перевод Мира Төлендіқызы
Басты сөздер: Қоғам, Қазгидромет,
Жоғары қарай