Ауа райы
Астана 4 °С
Алматы 11 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Шымкентке төрт елден 3 миллионға жуық құтыдағы дәрі-дәрмек жеткізілді

2020 жылдың 21 шілде 2020 20:34

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат – Шымкентке шетелден 3 миллионға жуық құтыдағы дәрі-дәрмек жеткізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қала әкімі Мұрат Әйтеновтің айтуынша, дәрі тұрақтылығын сақтау мақсатында Үндістан, Ресей, Украина мен Өзбекстан елінен 2 млн 676 мың флакон бірінші кезектегі дәрі-дәрмек тасымалданған.

Сондай-ақ, Мұрат Әйтеновтің дәрі-дәрмекпен қатар шетелден 16 млн 700 мың маска да жеткізілгенін атап өтті. Қалада көтерме дәрі-дәрмек сатумен айналысатын 10 ірі фармкомпания және 560 дәріхана бар болса, аталған фармкомпанияларға шетелден дәрі-дәрмек алып келуге бір жолғы рұқсат берілгенін жеткізді.

«Мемлекет басшысының халықты дәрі-дәрмекпен қамту жөніндегі тапсырмасына сәйкес қалада төрт мониторинг тобы құрылып, 348 дәріханаға тексеру жүргізілді. Нәтижесінде заңсыз дәрі-дәрмек сатумен айналысқан 50 дерек анықталды. Оның ішінде 12 қылмыстық іс тіркеліп, тергеу амалдары басталды», - деді қала басшысы.












Жоғары қарай