Ауа райы
Астана -9 °С
Алматы -12 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Шымкентте 1 желтоқсаннан бастап тұрғындарға жаңа автобустар қызмет көрсетеді

2020 жылдың 30 қараша 2020 21:15

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкент қаласына тұрғындарды қоғамдық көлікпен қамту мақсатында жаңадан 590 автобус жеткізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жолаушыларды тасымалдау үшін барлық жағдай қарастырылған автобус, жоғары сапа стандартына сәйкестендірілген.

Қала әкімі Мұрат Әйтенов жаңа автобустарды көру үшін «T-bus» автопаркіне барды. Мұндағы барлық автобустар бейнекамера, желдеткіш, хабарлама жариялауға арналған микрофондармен жабдықталған. Сонымен қатар, автобустарда пандус пен мүгедектердің арбаларын орналастыратын орындар да қарастырылған.





Компания қоғамдық көліктерде метан-газын пайдалануда үлкен тәжірибеге ие. Маршруттарға үздіксіз қызмет көрсету үшін өндірістік-техникалық базасы мен автоматтандырылған газ толтыру станциясы бар.

1 желтоқсаннан бастап 150 автобус қаланың шалғай аудандарын орталықпен байланыстыратын №103, 27, 35, 84, 135, 92, 74, 12 маршруттарында қызмет көрсетеді.

«Айта кетейік, шаһарда жолаушыларды тасымалдауды дамытудың 2018-2020 жылдарға арналған кешенді бағдарламасы негізінде қала әкімдігі тарапынан былтыр 300 автобус сатып алынған болатын. Қазіргі таңда бұл автобустар халықтың игілігіне қызмет көрсетіп отыр»,-делінген хабарламада.











Автор Айнұр Ақбаева
Басты сөздер: Шымкент, Көлік,
Жоғары қарай