Ауа райы
Астана 2 °С
Алматы 14 °С
валюта бағамы
USD 445.84
EUR 490.47
RUB 5.73
CNY 62.87

Шымкентте 1200 орындық жекеменшік мектеп ашылды

2019 жылдың 5 шілде 2019 16:53

АРЫС. ҚазАқпарат - Бүгін Шымкент қаласында жекеменшік жаңа мектеп пайдалануға берілді. Абай Құнанбаевтың 175 жылдық мерейтойына орай жаңадан салынған білім мекемесіне ұлы ақынның есімі берілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Білім ұясының ашылу салтанатына қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымов қатысып, жаңа мектептің ашылуымен құттықтады. Жаңа мектепте балалардың толыққанды білім алуына, салауатты өмір салтын қалыптастыруға барлық жағдай жасалған. Білім ордасында оқушылардың қолөнермен, тігін тігумен айналысуына, түрлі өнер үйірмелері мен спорттық шараларға қатысуына мүмкіндігі бар.

Айта кетейік, ҚР Білім және ғылым министрлігінің жаңа жүйесі бойынша осындай жекеменшік салынған мектептерге мемлекеттік тапсырыс бойынша жан басына шаққанда қаражат төленеді. Бүгінде бұл жүйеге қаладағы бірқатар мектептер көшкен. Мәселен, 2018-2019 оқу жылында қаладағы 11 жекеменшік мектептің 4200 оқушысы мемлекеттік сатып алу аясында қаржыландырылған.




null


null


null

Автор Айнұр Ақбаева
Басты сөздер: Құрылыс, Шымкент, Білім,
Жоғары қарай