Ауа райы
Астана 10 °С
Алматы 4 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Шымкентте 181 адам коронавирус инфекциясынан жазылды

2020 жылдың 4 тамыз 2020 17:41

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат – Шымкентте кеше 181 адам коронавирус инфекциясынан жазылып шыққан. Науқастардың басым бөлігі амбулаториялық бақылауда болған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ауруханада жатып ем қабылдаған науқастардың бірі 74 жастағы әжей жиырма күннен астам дәрігерлердің қарауында болған. Оған коронавирус инфекциясынан бөлек «екі жақты пневмония» диагнозы қойылған. Инфекция жұқтырған зейнеткер вирусқа қарсы емдеу мен симптоматикалық терапияның толық курсынан өткен. Емделу кезінде асқыну болмады, дейді мамандар. Емдеу терапиясынан кейін науқастан анализ алынып, теріс нәтиже көрсеткеннен кейін ауруханадан шығарылды.

Айта кетейік, бүгінге дейін қаладағы жұқпалы аурулар ауруханасынан коронавирус инфекциясына шалдыққан 3 314 науқас дертінен айығып шыққан.


Жоғары қарай