Ауа райы
Астана 21 °С
Алматы 20 °С
валюта бағамы
USD 411.54
EUR 458.13
RUB 5.84
CNY 57.64

Шымкентте 27 жастағы жігіт газға уланып көз жұмды

2020 жылдың 25 наурыз 2020 20:06

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат – Шымкентте 27 жастағы ер адам газдың иісінен уланып көз жұмды. Марқұмның денесі қаладағы кәсіпорындардың бірінен табылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қалалық газ шаруашылығы қызметінің мәліметінше, 24 наурыз күні кешкі сағат 20:38-де жедел жәрдем қызметіне шақырту түскен. Оқиға орнына келген жедел жәрдем қызметкерлері 1993 жылы туған адамның иістен уланып, қайтс болғанын анықтаған.

Авариялық құтқару қызметі кілем жуумен айналысатын кәсіпорынның жуынатын бөлмесінде орнатылған су жылытқыш қондырғының дұрыс орнатылмағанын көрген.

Қазіргі таңда қайғылы жағдайдың себеп-салдары анықталып жатыр.

Автор Айнұр Ақбаева
Басты сөздер: Шымкент, Оқиға,
Жоғары қарай