Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Шымкентте 3 мың бейнебақылау камерасы іске қосылды

2021 жылдың 26 қараша 2021 00:30

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Бүгін түнде сағат 00:00-ден бастап Шымкентте 3 117 «Сергек» бейнебақылау камерасы іске қосылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Аталған камералар жылдамдықтың шектен асырылуын, жол ережесі талаптарын сақтамау, тоқтау сызығын басып өту, бағдаршамның жол жүруге тыйым салатын белгісіне өту секілді жайттарды тіркейді», делінген қала әкімдігі таратқан хабарламада.

Айта кетейік, былтыр қалаға 3 153 камера қойылған. Осылайша Шымкенттегі «Сергектің» саны 6 мыңнан асты. Оның ішінде 4 441-і қоғамдық қауіпсіздікті сақтауға, 1 889-ы жол қауіпсіздігіне бағытталған.

Олардың барлығы Полиция департаментіне қарасты Жедел басқару орталығы арқылы басқарылады.


Жоғары қарай