Ауа райы
Астана 19 °С
Алматы 18 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 465.73
RUB 5.79
CNY 58.91

Шымкентте 77 адамның коронавирус жұқтырғаны анықталды

2020 жылдың 17 мамыр 2020 11:43

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат – Шымкентте бір тәулікте коронавирус инфекциясын 77 адам жұқтырған. Науқастардың 68-і скрининг нәтижесінде анықталып, инфекциялық стационарға жатқызылған, хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қалалық төтенше жағдай штабының мәліметінше COVID-19 диагнозы нақтыланғандардың үшеуі Атырау облысынан келген болса, 2 адам халықаралық жүк тасымалының жүргізушісі екені анықталды. Ал, қалған 4 науқас бұрын ауырғандармен қарым-қатынаста болған.

Қазіргі таңда қауіпті індетке шалдыққандардың барлығы стационарлық ем қабылдап, олардың жағдайы қанағаттанарлық деп бағаланып отыр. Сондай-ақ, профилактикалық іс-шараларды жүргізу үшін науқастармен қарым-қатынаста болған адамдар анықталуда. Ауру ошақтарында дезинфекциялық жұмыстар жүргізілуде.

Айта кетейік, қазіргі уақытта қала бойынша COVID-19 коронавирус инфекциясын жұқтырған 344 адам анықталды.


Жоғары қарай