Ауа райы
Астана 1 °С
Алматы 4 °С
валюта бағамы
USD 379.75
EUR 415.18
RUB 5.78
CNY 54.19

Шымкентте әлемге әйгілі Ramada желісіндегі қонақ үй кешені ашылды

2019 жылдың 14 желтоқсан 2019 17:20

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат – Шымкентте Тәуелсіздік күніне орай әлемге әйгілі америкалық Ramada желісінің қонақ үй кешені ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Төрт жұлдызды әрі халықаралық премиум-классты қонақ үйдің ашылу салтанатына қатысқан қала әкімі Ерлан Айтаханов инвесторларды және құрылысқа қатысқан барлық азаматтарды жаңа ғимараттың ашылуымен құттықтады.

Шаһар басшысы қонақ үйдің үшінші мегаполистен ашылуы қала инфрақұрылымына салынған зор инвестиция екенін атап өтті. 2200 жылдық тарихы бар көне шаһарға 2020 жылы ТМД елдерінің мәдени астанасы жылының өтуіне орай туристер көптеп келетінін айтқан қала басшысы туристік инфрақұрылымды барынша жақсартуды қамтыды. Шетелдік қонақтарды жоғары деңгейде күтіп алу үшін өңірдегі әуежай және темір жол желілерінде сапалы қызметтер көрсетілуін, бұл тұрғыда қонақ үйлердің де деңгейі жоғары болуы үлкен мәнге ие екенін айтты.




«Бүгінгі таңда қонақжайлық индустриясы экономикамыздың дамуының әлеуетті және болашағы зор салалардың бірі болып танылып отыр. Қонақ үй бизнесі туризмнің маңызды құраушысы ретінде жүреді. Бүгінде мемлекет тарапынан кәсіпкерлікті дамыту бойынша көптеген қолдаулар көрсетілуде. Кәсіпкерге осы істі дамыту үшін »Даму« қорынан қаржылай көмек берілгенін де айтқым келеді»,- деді Ерлан Айтаханов.




Айта кетейік, әлемдік желідегі Ramada қонақ үйі Алматы қаласынан кейін Шымкентте салынып отыр. Қонақ үйді инвестор жергілікті биліктің көмек-қолдауымен екі жыл ішінде көтерді.







Автор Айнұр Ақбаева
Басты сөздер: Туризм, Шымкент,
Жоғары қарай