Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Шымкентте атракционнан құлап, мерт болған жасөспірімнің өлімі бойынша қылмыстық іс қозғалды

2021 жылдың 29 мамыр 2021 19:53

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкентте атракционнан құлап, мерт болған 17 жастағы жасөспірімнің өлімі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы қалалық ПД баспасөз қызметі жария етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Кәмелетке толмаған баланың техносаябақта қайтыс болу фактісі бойынша Шымкент қаласының ПД әл-Фараби ауданы Полиция басқармасының қызметкерлерімен ҚР ҚК 156-бабының 3-бөлігіне сәйкес қылмыстық іс тіркелді. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде», делінген хабарламада.

Еске салайық, кеше қаланың орталығындағы техно саябақта 17 жастағы жасөспірім атракционнан абайсызда құлап кеткен болатын. Алайда жедел жәрдем қызметі келгенше жасөспірім жантәсілім етті. Қазір қайғылы оқиғаның мән жайлары анықталып жатыр.


Автор Айнұр Ақбаева
Басты сөздер: Шымкент, Оқиға, ҚР ІІМ, Видео,
Жоғары қарай