Ауа райы
Астана 26 °С
Алматы 26 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 465.73
RUB 5.79
CNY 58.91

Шымкентте ауа сапасы нашарлайды

2020 жылдың 29 мамыр 2020 08:01

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 29 мамырда Шымкент қаласында ауа ластанып, қолайсыз ауа райы күтіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазгидрометке сілтеме жасап.

Ал еліміздің қалған қалаларында метеожағдай қолайлы болады.

Қолайсыз метеожағдайлар атмосфералық ауаның жерге жақын қабатында зиянды (ластаушы) заттардың жинақталуына ықпал ететін қысқа мерзімді метеорологиялық факторлардың (тып-тымық жел, тұман, инверсия) үйлесімін білдіреді.

Қолайсыз метеожағдайлар пайда болған кезде елді мекендерде атмосфералық ауа сапасынашарлауы мүмкін. Ластану деңгейінің қалыптасуын анықтайтын маңызды факторлардың бірі – синоптикалық жағдайдың болжамы (жел, жауын-шашын, ылғалдылық, ауа температурасы)


Басты сөздер: Экология, Қазгидромет,
Жоғары қарай