Ауа райы
Астана 6 °С
Алматы 3 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Шымкентте ауа сапасы нашарлайды

2020 жылдың 4 маусым 2020 03:47

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Қазгидромет» РМК ел қалаларындағы метеорологиялық ахуал туралы мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Синоптиктердің болжамынша, 4 маусым күні ауа сапасының нашарлауы Шымкент қаласында ғана күтіледі.

Өзге шаһарларда атмосфералық ауа сапасы норма шегінде болады.

Айта кетейік, Шымкентте жағымсыз метеожағдай соңғы бірнеше күннен бері тіркелуде.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.


Жоғары қарай