Ауа райы
Астана -18 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Шымкентте автокөрме ұйымдастырылып, оған 100-ден астам адам жиналған

2021 жылдың 18 қаңтар 2021 17:14

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкентте автокөрме ұйымдастырған тұрғын жаупкершілікке тартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Шымкент полиция департаментінің қызметкерлері карантин талаптарының сақталу барысына тұрақты түрде мониторинг жүргізуде.

Кезекті іс-шара барысында, яғни 17 қаңтар күні сағат 17:30 шамасында Тәуке хан даңғылы бойында орналасқан «Авторазбор» автобөлшек сату орнында автокөрме ұйымдастырғандар анықталды.




Оған жүзден астам адам жиналған.

Карантин шараларының енгізілгеніне қарамастан Шымкент қаласы бас санитар дәрігері қаулысының талаптарын елемеген көрме ұйымдастырушысы жауапкершілікке тартылды.

Көлікке қызығушылар мен көрермендердің басым бөлігі маска режимін сақтамаған.

Тәртіп сақшылары жедел әрекет ете отырып, жинағандарды таратты.

Карантинді бұзудың барлық жайттары бойынша жинақталған іс-құжаттар санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасына жолданды.




Жоғары қарай