Ауа райы
Астана -18 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Шымкентте базар қоймасы өртеніп жатыр

2021 жылдың 2 наурыз 2021 01:09

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат – Шымкентте қосалқы бөлшектер сататын базар қоймасы өртеніп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қалалық ТЖД мәліметінше, өрт туралы хабарлама кезекші бөлімге 1 наурыз күні түнгі сағат 22:52-де түскен.


«Абай ауданы, Темірлан тас жолы №26. «Тұлпар-Шымкент» ЖШС-і автобөлшектер базарының аумағында орналасқан қойманың ішінде көлемі 200 шаршы метр автобөлшектер мен аксесуарлар жанды. Өрт сағат 00:03-те оқшауланды. Бірақ әлі толық сөндірілген жоқ» делінген хабарламада.

Кейіннен хабарлағандай, базардан шыққан өрт сағат 01:23-те толық сөндірілді. Өрттен зардап шеккендер жоқ. Оқиғаның мән-жайы анықталуда.


Жоғары қарай