Ауа райы
Астана 31 °С
Алматы 29 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Шымкентте бір реттік вакуум пробирканың 57 түрі шығарылады

2020 жылдың 7 шілде 2020 20:11

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат – Шымкенттік «ЭкоФарм Интернейшнл» компаниясы бір реттік стерильді вакуум пробирканың 57 түрі шығарып келеді. Елімізде және ТМД-да баламасы жоқ бірегей зауытта медициналық мақсаттағы бұйымдар өндіріледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Сегіз жыл бұрын ашылған серіктестікте бүгінде 191 қызметкер жұмысқа тартылған. Зауытта көктамыр қанын, қан плазмасын, қан сарысуын алу және сақтау үшін вакуумдық пробиркалармен қатар екі жақты инелердің 6 түрі және ине ұстағыш шығарылады. Зауыттың өндірістік қуаты жылына 70 млн дана бір реттік стерильді вакуумдық пробирканы және 50 млн дана ине мен ине ұстағышты құрайды. Компания сонымен қатар бір реттік медициналық киімдер мен дәрі аптечкасы мен фито шәй шығарып отыр. Қажет болған жағдайда өндіріс көлемін екі есеге ұлғайту мүмкіндігі бар.

Оңтүстік Корея, Аустрия және Швейцариядан заманауи құрал-жабдықтармен жабдықталған зауыт еліміздегі медициналық ұйымдардың сұранысын толық қамтамасыз етіп отыр. Қазіргі таңда компания тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде жүзеге асыратын «СК-Фармация» ЖШС-мен ұзақ мерзімді шартқа қол қойып, еліміздегі барлық медициналық ұжымдарды қамтамасыз етуде.





Бүгінде короновирус инфекциясына қатысты жарияланған пандемияға және елімізде жарияланған төтенше жағдайға байланысты медициналық мекемелерді бір реттік стерильді вакуумдық пробиркаға сұраныс шамамен 4 млн данаға өскен. Осыған байланысты «ЭкоФарм Интернейшнл» отандық ауруханалар мен медициналық орталықтардың сұранысын толықтай қамтамасыз етіп келеді.















Жоғары қарай