Ауа райы
Астана -13 °С
Алматы 2 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Шымкентте бір жыл бұрын өлтірілген әйелдің мәйіті сарқынды су шұңқырынан табылды

2020 жылдың 15 қазан 2020 11:56

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат – Шымкентте бір жыл бұрын өлтірілген әйелдің мәйіті сарқынды су шұңқырынан табылды. Полицейлер мәйіттің көрпеге оралып, скотчпен байланып тасталғанын айтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қалалық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, қазіргі уақытта мәйіттің жеке басын анықтауға және қылмысты ашуға бағытталған барлық қажетті жедел шаралар жүргізілуде.

«Еңбекші ауданында адам мәйітінің табылу жайты бойынша полиция қызметкерлерімен Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 99-бабымен тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілуде. Сот-медициналық сараптаманың қорытындысына сәйкес әйел азаматшаның өлімі сараптамаға дейінгі 1 жылдан астам уақыт бұрын болған, мәйіттің сүйек қанқаларында жарақат жоқ» делінген хабарламада.

Автор Айнұр Ақбаева
Басты сөздер: Заң, Шымкент, Оқиға,
Жоғары қарай