Ауа райы
Астана 29 °С
Алматы 34 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Шымкентте дәрі шығаратын зауыттар тәулік бойы істесе де, мәселе шешілмей отыр

2020 жылдың 6 шілде 2020 03:30

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат – Шымкентте вирусқа қарсы дәрілерге сұраныс жоғарылап, фармацевтикалық компаниялар тапсырысын 5 есеге арттырған. Бұл туралы «Зерде-Фито» компаниясының басшылығы мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аталған компания өкілдерінің мәліметінше, қазіргі таңда парацетамолдың 50-ге тарта аналогы дәріханаларда бар. Әрі көрші Жамбыл, Қызылорда, Түркістан облыстарынан сұраныс көптеп түсуде екен.

«Ең бірінші Шымкент қаласын толығымен қамтып болған соң ғана, өзге қалаларға жіберіледі», - дейді сала мамандары.

Ал, «SANTO» дәрі-дәрмек зауытында инъекциялық ерітінділер мен инфузиялар, қатты пероральді дәрілік заттар (таблеткалар, саше, түйіршіктер), антибиотик ұнтақтары, стерильді емес ерітінділер шығарылады. Тапсырыс көлемінің артуына байланысты шығарылатын өнім де көбейген.

«830 қызметкер тәулік бойы төрт ауысымда жұмыс істеуде. Өнімнің 70 пайызы - көтерме, 30 пайызы - бөлшек бағада сатылуда» - деді компанияның өндіріс жөніндегі директоры Светлана Майорская.

Қалада «Ақниет», «Зерде» компаниялары жүз шақты дәріханаға екі мезгіл дәрі жеткізіп, дистрибьютерлер қоймаларға күніне 2-3 көлік дәрі-дәрмек жеткізіп отыр.

Дегенмен алып шаһарда дәрі тапшылығы мәселесі шешімін таппай отыр. Себебі, дәріханаларда тұрғындар кезек күткенімен кейбір препараттар сатылымға шықпады.

Салдарынан тұрғындар әр дәріні іздеп, сабылуға мәжбүр.


Жоғары қарай