Ауа райы
Астана 30 °С
Алматы 30 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Шымкентте дәрігерлер өкпесінің 90 пайызы қабынған 82 жастағы әжейді аман қалып қалды

2020 жылдың 7 шілде 2020 02:10

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат – Шымкенттік дәрігерлер өкпесінің 90 пайызы қабынған әжейді аман қалып қалды. Қалалық №1 клиникалық ауруханаға ауыр халде жеткізілген зейнеткер Галина Хрущеваға дәрігерлер пневмония диагнозын қойған болатын, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қалалық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, өкпесіндегі дерті асқынған әжейді ауруханаға 26 маусым күні жедел жәрдем жеткізген. Науқасты тексерген мамандар оның өкпесінің басым бөлігі зақымданғанын және қан кеткенін анықтаған.

Жағдайының ауырлауына байланысты әжей төрт күннен кейін жансақтау бөліміне ауыстырылып, COVID-19 емдеу хаттамасына сәйкес медициналық көмек көрсетілген.

«Дәрігерлер 82 жастағы қарияның қазіргі жағдайы жақсы деп бағалаған. Дер кезінде көрсетілген ем-домның арқасында қарт кісінің денсаулығы жақсарып, 6 шілде күні ол ауруханадан шығарылған. Егде жастағы науқас өзін ажалдан арашалап қалған медицина мамандарына ризашылығын білдірді» делінген хабарламада.

Айта кетейік, қала бойынша COVID-19 инфекциясын жұқтырғандар саны бүгінде 3 555-ке жеткен. Ал, жазылып шыққандар саны - 717 адам.


Автор Айнұр Ақбаева
Басты сөздер: Шымкент, Медицина, Оқиға,
Жоғары қарай