Ауа райы
Астана 19 °С
Алматы 18 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 465.73
RUB 5.79
CNY 58.91

Шымкентте карантин 8 маусымға дейін ұзарды

2020 жылдың 24 мамыр 2020 20:41

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкентте карантин шаралары 8 маусымға дейін ұзарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Шымкент қаласы бас мемлекеттік санитар дәрігерінің жаңа қаулысына сәйкес, шаһардағы карантин шектеулері 8 маусым сағат 00:00-ге дейін созылды.

Құжат бойынша балабақшалардың жұмысына және соңғы қоңырау, түлектер кеші секілді шараларды өткізуге тыйым салынған. Сонымен қатар көпшілік шаралар және отбасылық отырыстар өткізілмейді. Үйден шыққанда міндетті түрде маска тағып, арақашықтықты сақтап жүру керек.

Барлық топтағы субъектілер (сауда, қызмет көрсету, қаржы және басқалар) таңғы 10:00 мен кешкі 18:00 аралығында ғана жұмыс істей алады. Бұл нысандарда санитарлық-эпидемиологиялық талаптар қатаң сақталуы тиіс.

Қаулының толық мәтінімен мына сілтемеде танысуға болады.


Жоғары қарай