Ауа райы
Астана -12 °С
Алматы -5 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Шымкентте карантиндік шектеу мерзімі ұзартылды

2020 жылдың 6 қараша 2020 19:34

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат – Шымкент қаласында карантиндік шектеу шараларының мерзімі ұзартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қаланың Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Әбдіманап Төлебаевтың қаулысына сәйкес, Шымкент аумағында карантин және шектеу шаралары 2020 жылғы 23 қараша сағат 00:00-ге дейін ұзартылады.

Шымкент қаласының тұрғындары және қонақтары үшін:

- адамдардың көп жиналуына байланысты кез келген ісшараларды өткізуге тыйым салынады (еске алу, туған күндер, мерей тойлар, шығарып салу, құдалық, той, беташар және басқа);

- 65 жастан асқан адамдардың қалада жүруі шектеледі;

- қалада жүріп-тұру кезінде маскаларды кию бойынша талапты және адамдар арасында кемінде 2 метр әлеуметтік қашықтықты сақтау қажет;

- үйлердің аулаларына, саябақтарға, алаңдарға, скверлерге, жағалауларға барып серуендеуге 3 адамнан аспайтын топтармен немесе бір отбасы мүшелеріне ғана рұқсат етіледі;

- қоғамдық пайдалану орындарында орналасқан балалардың ойын алаңшаларына 3 адамнан аспайтын топтарға баруға рұқсат етіледі;

- қоғамдық орындарға, адамдар көп жиналатын объектілерге барғанда, соның ішінде қоғамдық көліктерге кірген кезде маскаларды кию және антисептиктерді пайдалану жөніндегі талаптар қатаң сақталуы тиіс.

Бұдан бөлек, меншік нысанына қарамастан ұйымдар мен кәсіпорындар, заңды тұлғалар және кәсіпкерлік субъектілері келесі талаптарды орындауы тиіс:

- жұмыс уақытын барынша қысқарту мүмкіндігімен, кеңсе қызметкерлерінің 50% қашықтан жұмыс істеуге көшіру (штаттық кесте бойынша 30-дан астам қызметкер болғанда);

- сауда орталықтарында, азық-түлік және азық-түлік емес дүкендерде, қызмет көрсету саласындағы объектілерде және адамдар көп жиналатын орындарда күнделікті дезинфекциялық іс-шараларды өткізу;

- Халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмысын ұйымдастыру (оның ішінде мамандандырылған ХҚКО) алдын ала Egov.kz сайтында және Telegram-да (EgovKZBot 2.0) кезекті брондау арқылы жүргізу. Жұмыс уақыттары сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін белгіленеді. Бұл ретте, ҚР еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері жұмыстары тоқтатылады;

- «Қазпочта» АҚ-ның, Call-орталықтардың жұмыс уақыты сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін белгіленеді. Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері жұмыстары тоқтайды;

- ҚР еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері жабық азық-түлік және азық-түлік емес базарлардың (қабырғалары, терезелері/витраждары бар үй-жайлар, ғимараттар, құрылыстар) қызметі тоқтатылады. Сыйымдылықты 30% асырмай және 1 келушіге 4 шаршы метр аумақтан келу талабын сақтай отырып, азық-түлік базарлары, жәрмеңкелер, азық-түлік емес базарлар (мамандандырылған, киім-кешек, мал және автокөлік базарлары) сағат 06:00-ден 18:00-ге дейін жұмыс істейтін болады. Жәрмеңкелердің жұмысын күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып ұйымдастыру, оның ішінде дезинфекциялық тоннельдерді және санитайзерлерді орнату қамтамасыз етілуі қажет. - орналасқан орнына қарамастан барлық азық-түлік гипермаркеттерінің, супермаркеттердің, шағын маркеттер мен үй жанындағы дүкендердің жұмыс, демалыс және мереке күндергі жұмыс режимі сағат 09:00-ден 22:00-ге дейін шектеледі.

- СПА-орталықтар, сұлулық салондары, шаштараз, косметикалық және косметологиялық қызметтер, маникюр және педикюр қызметтерін көрсететін орталықтар мен салондардың (алдын ала жазылу бойынша бір келушіге 4 шаршы метр) қызмет уақыты жұмыс, демалыс және мереке күндері 09:00-ден 21:00-ге дейін шектеледі;

- саяжайлар, скверлер, жағалаулар қалыпты режимде ашық болады;

- мәдениет объектілерінің (жеке және топтық репетицияларға 30 адамнан аспайтын қатысушылар), театрлар (сыйымдылығы 50% адамнан аспайтын, бірақ 100 адамнан артық емес, «InfoKazakhstan.kz» порталында тіркелумен, бетперде кию режимі, әлеуметтік қашықтық және ҚР БМСДҚ №57 талаптары сақталған жағдайда) кітапханалардың, мұражайлардың жұмысы қалыпты режимде жалғасады;

- діни объектілер (мешіт, шіркеу, соборлар, синагог және т.б.) талаптарды сақтаумен (30% дейін толтыру, бірақ 100 адамнан асырмай) қалыпты режимде жұмыс істейді. Жұма намаздарына тыйым салынады.

- облысаралық және қалааралық автобус пен шағын автобустардың жүруіне тыйым салынады;

Сондай-ақ жұмыс, демалыс және мереке күндері қоғамдық көлік қозғалысының уақыты сағат 07:00-ден 21:00-ге дейін шектеледі. А дамдардың аялдамаларда және қоғамдық көліктерде шоғырлануын болдырмау мақсатында көлік құралдарының (автобустардың, шағын автобустардың) желіге барынша шығуы, қозғалыстың біркелкі кестесі ұйымдастырылуы қажет.


Жоғары қарай