Ауа райы
Астана 17 °С
Алматы 31 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Шымкентте қоғамдық көліктерді залалсыздандыру жұмыстары күшейтілді

2020 жылдың 9 шілде 2020 18:52

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - 5 шілдеден бастап Шымкент қаласында қоғамдық көліктің 20 пайызы ғана жұмыс істеуде. Олардың қатарында «ЯНС» ЖШС, «ЯНС-2» ЖШС, «Экспресс» ЖШС, №4 автокомбинат бар, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Кәсіподақтар федерациясы сайтына сілтеме жасап.

Қоғамдық көліктердің қысқартылуының басты себептерінің бірі – санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың сақталмауы болып отыр. Осы орайда, Шымкент қаласының Автомобиль көлігі және жол кәсіпорындарының жергілікті кәсіподағы қоғамдық көліктер мен автобус тұрақтарында залалсыздандыру жұмыстарының жүргізілуін бақылауға алды.

Бүгінде Шымкент қаласының бас дәрігерінің №25 қаулысына сәйкес, карантиндік режимнің күшейтілгені мәлім. Сондықтан да, дезинфекция жұмыстары тұрақты түрде жүргізілуде. Сондай-ақ, жолаушылардың бетпердемен кіруі және қоғамдық көліктердің ішінде арақашықтықтың сақталуы қатаң бақылауға алынған.



Басты сөздер: Көлік, Шымкент,
Жоғары қарай