Ауа райы
Астана 6 °С
Алматы 3 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Шымкентте коронавирусқа шалдыққан келіншек дені сау сәби босанды

2020 жылдың 1 маусым 2020 17:20

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат – Шымкентте коронавирус жұқтырған әйел дені сау сәбиді дүниеге әкелді. Қалалық перзентхананың білікті мамандарынан құралған топ жүкті әйелді жұқпалы аурулар ауруханасының базасында кесір тілігі арқылы босандырып алған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қалалық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, 24 жастағы әйел салмағы 3500 грам қыз босанған. Анадан балаға инфекция берілмес үшін дәрігерлер сақтық шараларын күшейткен.

Босанғаннан кейін жаңа туған нәрестеден барлық қажетті сынама алынып, COVID-19 тесті теріс нәтиже көрсеткен. Дені сау сәби бірден қалалық перзентханадағы арнайы дайындалған жеке палатаға ауыстырылған.

Жаңа туған сәбиді перзентхана қызметкерлері тәулік бойы бақылауға алып, барынша күтім жасап жатыр.

Ал, коранавирус инфекциясына шалдыққан анасы жұқпалы аурулар ауруханасында емін жалғастыруда.


Жоғары қарай