Ауа райы
Астана -19 °С
Алматы -14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Шымкентте құдайы тамақ ұйымдастырғандар айыппұл төлейді

2020 жылдың 28 қараша 2020 17:43

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкент полицейлері мен әкімдік өкілдерінен жасақталған мобильді топ өкілдері рейд шараларын жалғастыруда, деп хабарлайды ҚазАқпарат қалалық полиция департаментіне сілтеме жасап.

Кезекті шара барысында қаулы талаптарын өрескел бұзған кәсіпкерлік нысандар анықталды.

Мәселен 26 қараша күні Ерімбетов көшесінде орналасқан «Тараз» кафесінде құдайы тамақ ұйымдастырылған.

Жиынға 40-қа жуық адам жиналған.

Сондай-ақ Ж.Аймауытов көшесінде ораналсқан «Чинар» дәмханасы сағат 23:29 шамасында карантин талаптарын сақтамай жұмыс істеп жатқаны анықталды.

Аталған 2 жайт бойынша нысан иелерінен түсініктеме алынып, заң аясында шара қолдану үшін жинақталған іс-құжат Шымкент қаласы Еңбекші ауданы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасына жолданды.





Жоғары қарай