Ауа райы
Астана -1 °С
Алматы 5 °С
валюта бағамы
USD 445.84
EUR 490.47
RUB 5.73
CNY 62.87

Шымкентте қылмыстық істі тоқтатпақ болған тергеуші мен адвокат жазаланды

2020 жылдың 20 ақпан 2020 13:55

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Шымкентте зорлау қылмысын тоқтатпақ болған сыбайлас тергеуші мен адвокатқа ірі көлемде айыппұл салынды. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің 1-ші департаментінің аға тергеушісі Данияр Бекайдаров елордада өткен баспасөз мәслихатында мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Данияр Бекайдаровтың айтуынша, 2019 жылдың қараша айында Шымкент қаласы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет тергеуші мен адвокатқа қатысты істі сотқа жолдаған. Нақтырақ айтқанда, қалалық полиция департаментінің Абай аудандық полиция басқармасының тергеушісі І. Төребай және қалалық адвокаттар алқасының адвокаты Н. Елгонов парақорлық фактілері бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылған.

«Тергеуші адвокат Елгонов арқылы зорлау фактісі бойынша қылмыстық істі тоқтатқаны үшін жалпы сомасы 440 мың теңге пара алды деген күдікке ілінген», - деді Данияр Бекайдаров.

Оның айтуынша, Шымкент қаласы Абай аудандық сотының үкімімен І. Төребай 13 200 000 теңге көлемінде айыппұл төлеуге міндеттеліп отыр. Ал осы сот Елгоновты делдалдығы үшін кінәлі деп танып, оған 4 400 000 теңге айыппұл салды.

Аталған адамдар мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан өмір бойы айырылды.


Жоғары қарай