Ауа райы
Астана 8 °С
Алматы 10 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Шымкентте пневмониямен жансақтау бөліміне түскен 15 жастағы жасөспірім жазылып шықты

2020 жылдың 5 тамыз 2020 15:37

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат – Шымкентте өкпесі қабынып түскен 15 жастағы жасөспірімнің жағдайы жақсарды. Науқас қалалық клиникалық балалар ауруханасына 27 маусым жеткізіліп, бірден жансақтау бөліміне жатқызылған болатын, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Баланың жағдайы ауыр болғандықтан, оған реанимациялық ем-дом жасалған. Дәрігерлер өздігінен демала алмаған науқасты оксигенация аппаратына қосып, оксигенотерапия және вирусқа қарсы терапия емін үздіксіз жүргізген. Өкпесінің 50 пайызы зақымданған жасөспірім дәрігерлердің қатаң бақылауында болып, дер кезінде көрсетілген көмектің нәтижесінде 10-шы күні жансақтау бөлімінен пульмонология бөлімшесіне ауыстырылды. Кейіннен науқастың демікпесі азайып, дене қызуының гемодинамикасы қалыпқа түскен.

Денсаулығы жақсарған жасөспірімді медицина мамандары үйіне ауруханадан шығарды.


Жоғары қарай