Ауа райы
Астана 13 °С
Алматы 14 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Шымкентте салынып жатқан жұқпалы аурулар госпиталі 1 маусымда пайдалануға беріледі

2020 жылдың 26 мамыр 2020 01:28

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат – Шымкентте салынып жатқан жұқпалы ауруларға арналған госпиталь 1 маусымда пайдалануға беріледі. Бұл туралы қала әкімі Мұрат Әйтенов онлайн брифинг кезінде мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қала әкімінің айтуынша, аталған емдеу нысаны 200 орынға лайықталған. Оның құрылысына 5,8 млрд теңге қарастырылған.

«Қала әкімдігі резервінен коронавируске қарсы шараларға 1,2 млрд теңге қаржы бағытталған. Оның ішінде, медициналық мекемелердің материалдық-техникалық базасын нығайтуға 501 млн теңге бөлінді. Сонымен қатар, қаупі жоғары мекемелерде қызмет ететін медицина қызметкерлерін қаржылай қолдау шаралары да жүргізілуде. Мәселен, 1, 2, 3 тәуекел топтағы 2 764 медицина қызметкеріне наурыз-сәуір айларында 799 млн теңге үстемеақы төленді. Одан бөлек, демеушілердің есебінен 752 қызметкерге 42 млн теңгеге қаржылай көмек көрсетілген»,-деді шаһар басшысы.

Ал, науқастармен жақын байланыста болған медицина қызметкерлерін оқшаулау мақсатында тегін 6 қонақ үй және жұмысына тасымалдауға 120 автобус ұйымдастырылып отыр.

Жоғары қарай