Ауа райы
Астана -18 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Шымкентте сәулет және құрылыс  басқармасының бұрынғы басшысы он жылға сотталды

2021 жылдың 27 қаңтар 2021 04:40

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкентте сәулет және құрылыс басқармасының бұрынғы басшысы он жылға сотталды. Жеңіс Байымбетов жарты миллиард теңгеге жуық бюджет қаражатын талан таражға салған деп айыпталып отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Айта кетейік, қомақты қаражат 2019 жылы қаладағы құрылыс жұмыстары жүргізілген жерлерге топографиялық түсірілім жасауға бөлінген болатын. Шенеунік мемлекеттік сатып алу барысында арнайы лицензиясы жоқ мердігермен сөз байласып, қаражатты сол компанияға аудартып жіберген. Алайда атқарылған жұмыс жарамсыз деп танылған. Тергеу барысында айыпталушылар бюджет қаражатын қолма-қол ақшаға аударып, өз пайдасына жаратып жүргені дәлелденді. Осы қылмысы үшін кәсіпкер 8 жылға бас бостандығынан айырылды.

«Мемлектеттік сатып алуды жүргізу барыснда заң талабы бұзылған. Оның топографиялық түсірілім түсіруге ол заңды тұлғаның мемлекеттік лицензиясы болмаған. Соған қарамай ол жеңімпаз деп танылған және келісімшарт түзілген. Міне, осылай әрі қарай олардың әрекеттері жалғасып, нәтижесінде мемлекетпен осы жұмыстарды атқаруға бөлінген 498 млн теңге талан таражға салынып, атқарылуы тиіс жұмыстардың барлығы тиісінше орындалмаған. Сол себепті олардың әрекеттерін сот өздеріне сеніп тапсырылған бөтеннің мүлкін талан-таражға салу, жымқыру деп бағалады. Және сол бойынша тиісінше жаза белгіленді. Түпкілікті осы екі қылмыстардың жиындығымен Байымбетовке 10 жылға бас бостандығынан айыру жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі орташа мекемесінде өтеу белгіленді. Одан басқа ол өмір бойына мемлекеттік қызметте және мемлекеттік ұйымжарда басшылық қызметтерді атқару құқығынан айрылды», - деді судья Марияр Абдрасилов.

Жоғары қарай