Ауа райы
Астана -4 °С
Алматы -1 °С
валюта бағамы
USD 376.72
EUR 408.67
RUB 5.76
CNY 53.68

Шымкентте «Темірлан ізімен» туристік маршруты ашылды

2019 жылдың 19 желтоқсан 2019 19:15

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат – Шымкентте «Темірлан ізімен» туристік маршруты ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қалалық Туризм басқармасының мәліметінше, аталған ақпараттық тур аясында тур қатысушылары Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан және Тәжікстан нысандарына саяхаттай алады. Аталған басқарма сондай-ақ, Түркістан, Жамбыл және Алматы облыстарымен бірлесіп «Жаңа Жібек Жолы» бірыңғай бағдарын құру мәселесін пысықтауда. Бүгінгі күні аталған өңірлердің әкімдіктерінің өкілдерінен құрылған жұмыс тобы Жамбыл, Түркістан облыстары мен Шымкент қаласы бөлігіндегі маршрутты сынақтан өткізді. Жыл соңына дейін Алматы облысы бойынша тест-тур ұйымдастыру жоспарланған. Сонымен қатар, Туристерге ақпараттық қолжетімділікті арттыру үшін басқарма тарапынан «Шымкент қаласында 24 сағат», «Тарих ізімен», «Шымкент балаларға» тақырыптарында 60 мың бүктеме, 77 мыңнан астам туристік карта, «Шымкент қаласындағы үлкен экскурсия» атты 350 кітап шығарылды. Бұл материалдар қаланың туристік индустрия объектілерінде (қонақ үйлер, СОО, әуежай) орналастырылған және басқармамен жаңартылып отырады. Ал, келер жылы бірнеше бағыттар бойынша Шымкент және Түркістан облысының киелі нысандары», «Туристік бағыттар», «Қала оқиғалары» сияқты жарнамалық материалдар шығару жоспарлануда. Сонымен қатар, қасиетті нысандардың 3D карталары мен фотокітаптар т.б. шығару көзделген.



















Автор Айнұр Ақбаева
Басты сөздер: Шымкент, Туризм,
Жоғары қарай