Ауа райы
Астана -18 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Шымкентте заңсыз миссионерлікпен айналысқан адам жауапкершілікке тартылды

2021 жылдың 24 ақпан 2021 03:32

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат – Шымкент қаласында заңсыз миссионерлікпен айналысқан адам жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Интернет және әлеуметтік желіге монторинг жүргізу барысында YouTube бейне хостингінде жергілікті тұрғын теріс діни ағымды насихаттайтын бейнеролик жариялап, Тelegram мессенджерінде құрған топ мүшелерінің арасында насихаттау жұмысын жүргізген», делінген хабарламада.

Аталған жайт бойынша полиция қызметкерлері ҚР ӘҚБтК-нің 490-бабы 3-тармағымен (миссионерлік қызметті тіркеусіз жүзеге асыру) әкімшілік іс-құжат жинақтап, сотқа жолдады.

Шымкент қаласы Әкімшілік соты аталған азаматтың заңсыз іс-әрекетіне қатысты әкімшілік шара ретінде 100 АЕК көлемінде айыппұл салды.



Жоғары қарай