Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Шымкентте жүргізуші 60 жастағы қала тұрғынын қағып өлтіріп, қашып кеткен

2021 жылдың 27 шілде 2021 21:25

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Оқиға салдарынан жаяу жүргінші дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізіліп, кейін көз жұмды, деп хабарлайды Polisia.kz.

2021 жылдың 6 шілдесінде Шымкент қаласының әл-Фараби ауданы Қазыбек би көшесінде белгісіз жүргізуші көлік құралын басқарып келе жатып, 60 жастағы адамды қағып кеткен.

Орын алған оқиғаның салдарынан жаяу жүргінші дене жарақатымен ауруханаға жеткізіліп, көз жұмды.

Аталған факті ҚР ҚК 345-бабының 3-бөлігі және ҚР ҚК 347-бабымен тіркелді.

26 шілдеде жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Toyota Camry маркалы автокөлігін басқарған Шымкент қаласының 30 жастағы тұрғыны анықталып, ұсталды.

Көлік айып тұрағына қойылды. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Жауап алу барысында күдікті өз кінәсін толық мойындады.

Қазіргі уақытта ол уақытша ұстау изоляторына қамалған.

Жол-көлік оқиғасы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.


Басты сөздер: Оқиға, Көлік, Шымкент, Жол,
Жоғары қарай