Ауа райы
Астана -16 °С
Алматы -14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Шымкентте жыл басынан бері 63 мыңнан астам жүргізуші куәлігі рәсімделген

2020 жылдың 26 қараша 2020 01:27

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат – Шымкент қаласының мамандандырылған ХҚО-сында жыл басынан бері 290 мыңнан астам мемлекеттік қызмет көрсетілген. Қала тұрғындары 63 мыңнан астам жүргізуші куәлігін рәсімдеп алған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы филиалының директоры Данабек Исабековтың айтуынша, бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 10%-ға артқанын көрсетіп отыр.

«Қазіргі уақытта екі мамандандырылған ХҚО-да автокөлік иелері темір тұлпарларын қайта тіркеп, жүргізуші куәлігін алуда. Сондай-ақ, сол орталықтарда практикалық емтихан тапсыра алады. Қажет болған жағдайда медициналық тексеруден өтіп, күн сайын мұнда 200 жүргізуші куәлігі берілуде. 600 ден астам көлік құралы есепке алынады»,-дейдіДанабек Исабеков.

Айта кетейік, жыл басынан бері мамандандырылған ХҚО арқылы 227 мыңға тарта автокөлік тіркелген.

Автор Айнұр Ақбаева
Басты сөздер: Қоғам, ҚР ІІМ, Шымкент,
Жоғары қарай