Ауа райы
Астана 21 °С
Алматы 28 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Шымкенттегі 121 бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарға конкурс жарияланды

2019 жылдың 10 желтоқсан 2019 20:07

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат – Шымкенттегі жергілікті атқарушы органдарда мемлекеттік қызметшілердің штаттық саны 758 болса, оның 121-і бос тұр. Бұл туралы бүгін ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшысы Әли Көмекбаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақпараттық-коммуникациялық орталығында өткен брифингте ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында айтылған мемлекеттік қызметшілер жұмысының тиімділігін арттыру мен арнайы дайындығы бар жас кадрларды бос орындарға тарту мәселелері сөз болды.




«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңымен мемлекеттік аппараттың кәсібилігі мен дербестігіне бағытталған «100 нақты қадам» Ұлт жоспарында көзделген негізгі шаралар қамтылды. Бұл бағытта мемлекеттік қызметке іріктеу рәсімі жаңғыртылғаны және құзыреттілік тәсіл негізінде мансаптық модель енгізілгені айтылды. «Осы Заңмен қолдану практикасы барысында анықталған жекелеген проблемалық мәселелер мен қайшылықтар да шешілуде. Мемлекеттік қызмет мәселелері бойынша әкімшілік лауазымдарға конкурстан тыс тағайындау құқығы бар адамдар тобы кеңейтілді. Бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға өткізілетін конкурстарға мемлекеттік қызметші қатысатын болса, тестілеуден өтпейді. Сондай-ақ, заң мемлекеттік қызметшілердің жауапкершілігін күшейтуді көздейтін бірқатар түзетулер қамтиды. Мәселен, басшыларға бағыныштылары жасаған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша өз өкілеттіктерін тиісінше орындамағаны үшін жауапкершілік енгізілді»,- деді Әли Көмекбаев.

Айта кетейік, ағымдағы жылдың үшінші тоқсанында шаһардағы аумақтық органдар бойынша жалпы саны 210 бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарға конкурстар жарияланып, ішкі конкурс негізінде арқылы 137 мемлекеттік қызметші тағайындалған. Тиісті қызмет саласында кәсіби білім мен практикалық тәжірибе алмасу мақсатында 25 мемлекеттік қызметші тағылымдамадан өтіп, жоспарланған аумақтық органдардағы 17 қызметші біліктілігін шыңдаған.

Жоғары қарай