Ауа райы
Астана 22 °С
Алматы 17 °С
валюта бағамы
USD 411.54
EUR 458.13
RUB 5.84
CNY 57.64

Шымкенттегі Әл-Фараби ауданында 45 кәсіпкер өз еркімен жұмысын тоқтатты

2020 жылдың 31 наурыз 2020 13:13

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат – Шымкенттегі Әл-Фараби ауданында шектеулерді ескермеген және санитарлық талаптарды орындамаған 175 кәсіпкерге әкімшілік хаттама толтырылып, айыппұл салынды. Бұл туралы аудан әкімі Ғабит Мәуленқұлов ақпараттық-коммуникациялық орталықта өткен брифингте айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аудан әкімінің айтуынша, төтенше жағдай енгізілген уақыттан бері 45 кәсіпкерлік нысаны өз еркімен жабылған. Сондай-ақ, қалалық мамандандырылған ауданаралық сотының шешімімен төтенше жағдай кезінде қауіпсіздік талаптарын бұзған 5 азамат 3 тәулікке қамауға алынған.

«Аудан аумағындағы Shymkent Plaza, Mega Planet, ЦУМ және Береке атты 4 ірі сауда орталықтары жабылған. Ал, Акбар және орталық қырғыз базарлардың жұмыс істеу уақыты шектелсе, Дархан базары толық жабылды. Жұмыс істеп тұрған базарлардың аумағында күніне 2 рет дезинфекция жасалуда. Базар әкімшіліктері саудагерлер мен келушілердің медициналық бетперде мен қолғап киюін және қолды антисептикалық өңдеуден өткізуін қадағалап отыр», - деді Ғабит Мәуленқұлов.





Жоғары қарай