Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Шымкенттегі эпидахуал әлі де күрделі жағдайда қалып отыр

2021 жылдың 21 шілде 2021 11:55

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкент қаласында өткен тәулікте коронавирус инфекциясына қарсы 2673 адам вакцина салдырды. Тұрғындардың 1012-сі вакцинаныың I компонентін қабылдаса, II компонент 1661 адамға егілген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қалалық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, барлығы 345 167 адам вакциналанған. Оның ішінде 219 325-і вакцинаның екі компонентін қабылдаған. Ал, 20 шілде күнгі мәлімет бойынша мегаполисте КВИ-дің 412 жағдайы тіркелген. 204 науқас инфекциялық стационарға жатқызылып, 208 адам үй бақылауына алынған. Қазіргі таңда мамандандырылған инфекциялық стационарларда барлығы 2946 орын бар болса, төсек-орын толымдығы - 66 пайызды құрайды. Сонымен қатар, 20 шілде күні 784 нысанға тексеру жұмыстары жүргізіліп, оның ішінде 11 нысанда карантин режимінің талаптары бұзылғандығы анықталған. Әкімшілік хаттамалар толтырылған. Қазір қаладағы эпидемиологиялық ахуал әлі де күрделі жағдайда қалып отыр.


Жоғары қарай