Ауа райы
Астана 28 °С
Алматы 34 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Шымкенттен елорда мен Алматыға қатынайтын автобустар тоқтатылды

2020 жылдың 18 наурыз 2020 19:06

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат – Шымкенттен Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларына қатынайтын қалааралық автобустар уақытша тоқтатылды. Бұл туралы қалалық жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары басқармасы мәлімет таратты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Әлемде орын алған коронавирус инфекциясының елімізде таралуына жол бермеу мақсатында, республикалық маңызы бар Алматы және Нұр-Сұлтан қалаларында карантин жарияланып, кіріп-шығуға шектеу қойылғаны белгілі. Осыған орай қаладағы «Бекжан», «Самал» автовокзалдарынан және «Көктем» автостанциясынан аттанатын облысаралық қалааралық «Шымкент-Алматы» және «Шымкент-Нұр-Сұлтан» автобус бағыттары 2020 жылғы 18 наурыздан бастап уақытша тоқтатылғанын хабарлаймыз», - делінген хабарламада.


Автор Айнұр Ақбаева
Басты сөздер: Шымкент, Коронавирус,
Жоғары қарай