Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Шымкенттік дәрігерлер өкпесі істен шыққан науқасты аман алып қалды

2021 жылдың 20 сәуір 2021 18:11

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкенттік дәрігерлер өкпесі істен шыққан 52 жастағы науқасты аман алып қалды. Жағдайы ауыр болғандықтан, дәрігерлер оны бірден жансақтау бөліміне жатқызған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қалалық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, Исагил Тасим 4 сәуір күні өте ауыр хәлде ауруханаға түскен. Оны дәрігерлер «Атамекен» медициналық орталығынан Шымкент қалалық жұқпалы аурулар орталығына жедел жәрдем қызметімен ауыстырған. Өкпесінің 80 пайызы зақымдалған 52 жастағы азаматтан коронавирус инфекциясы анықталған. Бұған қоса, ол өздігінен демала алмағандықтан, аппаратқа қосылған. Науқаста тыныс жетіспеушілігінің 3-дәрежесі, айқын интоксикациялық синдромы, тромбоциттің төмен болуы сынды асқынулар болған. Науқасқа дәрігерлер толық ем көрсетіп, антикоагулянтты және антибактерилдық терапия бойынша көмек көрсеткен.

«Он күннен аса жансақтау бөлімінде ем алған науқасты дәрігерлер жағдайы жақсарған соң бөлімшеге ауыстырды. Кейін өздігінен тыныс ала бастады. Тыныс алу жиілігі де жақсарған. Алдағы бір-екі күнде ауруханадан шығаруды жоспарлап отыр», - делінген хабарламада.


Жоғары қарай