Ауа райы
Астана -23 °С
Алматы 6 °С
валюта бағамы
USD 387.14
EUR 428.18
RUB 6.06
CNY 55.23

Шындыққозы ауылы туристерге мүшеленбеген түйе етін тұтас қақтап тартты - Шетелдегі қазақ тілді БАҚ-қа шолу

2019 жылдың 22 маусым 2019 11:30

АСТАНА. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» ХАА шетелдегі қазақ тілінде тарайтын ақпарат көздеріне апталық шолуын ұсынады.

Шындыққозы ауылы туристерге мүшеленбеген түйе етін тұтас қақтап берді -Қытайдың «Орталық халық радиосы» (CNR)

Қытайдың Манас ауданының Шындыққозы ауылында қазақ ұлтының салт-дәстүрін нәсихаттаған, мәдени танымдық, этнотуризм күні аталып өтті, деп хабарлайды Қытайлық kazakcnr.com сайты.



null

«Шыңжаң өлкесінің қазақтар шоғырлы қоныстанған Манас ауданының Шындыққозы ауылында жыл сайын өтіп келе жатқан этно-туризм мерекесі тойланды. Аталған іс-шараға 40 мыңнан астам турис қатысып, мерекенің мерейін асырды. Бұл жолғы этнотуризм мерекесінде ұйымдастырушылар ұлттық дәстүрді әйгілейтін түрлі мәдени іс-шаралармен қатар, туристерге бұрын естіп-көрмеген тосынсый дайындаған. Шындыққозы ауылының тұрғыны, жеке кәсіпкер Жанар Кәукенқызы арнайы жасалған пеште мүшеленбей, тұтас қақталып пісірілген түйеқұспен, қосөркешті түйе етін шөгіп жатқан күйінде туристердің алдына тартып, таңдайын қақтырды. Татымды дәмі тіл үйретін қазақтың қақталған етін жеген өзге ұлт адамдары бұған тамсана таңданды», - деп жазды қытайлық БАҚ.



null

Аталған ақпарат көзінің жазуынша, екі күнге жалғасқан этнотуризм мерекесінде Шындыққозы ауылының «Ұлттық ат спорт түрлері» қоғамының қолдауымен «Қыз қуу», «Көкпар», «Теңге ілу» ойындары және Аламан бәйге де өткен. Сонымен бірге атан жілік балуандар бозкілемде белдесіп, өнер жұлдыздары қазақ әнін сахна төрінде әуелеткен. Ал Ауыл адамдары өздері өндірген айран, ірмшік, құрт, май, шұбат, қымыз секілді табиғи өнімдерін және қолөнер бұйымдарын саудаға салып еңбектерінің игілігін көрген.



null



null

Нұр-Сұлтан қаласында «Kóshpendiler Álemi» атты халықаралық этномәдени фестивальі өтеді - «Фарс» ақпарат агенттігі

2019 жылдың маусым айының 28-30 жұлдыздары аралығында Нұр-Сұлтан қаласында «Kóshpendiler Álemi» атты Көшпенділер этномәдениетінің төртінші халықаралық фестивалі өтеді, деп хабарлайды parstoday ақпарат агенттігі.



null

«Фестивальдің негізгі мақсаты - көшпенділердің тарихи және мәдени мұрасын насихаттау, ұлттық салт-дәстүрді, идеологияны, шайқас өнерін жаңғыртуға және мемлекеттер арасындағы мәдени қарым-қатынасты нығайтуға арналған платформа ретінде қалыптастыру. Іс-шара Қазақстанға шетелдік туристерді тартатын және ішкі туризмнің дамуына оң әсерін тигізетін маңызды оқиғалардың бірі болып табылады.

Фестиваль концепциясы 2008 жылдан бері Венгрия Халық Республикасында өтетін Түркі халықтарының Үлкен Құрылтайының сәтті моделіне негізделген. Жобаның бас кеңесшісі ретінде Үлкен Құрылтайдың ұйымдастырушысы - белгілі ғалым-антрополог Андраш Биро бастаған «Magyar Turan» қоры қолғабыс етеді.



null

Фестиваль бағдарламасында қатысушылардың Нұр-Сұлтан қаласы көшелерімен шеруі, кәсіби садақшылардың жарысы, көкпаршылар мен бүркітшілердің сайысы, сауыт-саймандары тарихи дереккөздерге негізделіп жасалған батырлардың жекпе-жектері, сонымен қатар шабандоздардың өнерін көрсету қарастырылған.

Сайыстарға қатысу үшін Қазақстанға Түркия, Әзербайжан, Болгария, Иран, Оңтүстік Корея, Қырғызстан, Моңғолия және Өзбекстаннан командалар келеді.



null

Фестиваль аясында көшпенділердің тарихымен Сақ, Қаңлы, Үйсін және Ғұн дәуірлерінің костюмді көрсетілімі арқылы танысуға, бүркітшілердің шеберлігі мен аңшы құстардың сұлулығына тамсануға мүмкіндік болады.

Іс-шара қонақтарын бүкіл әлемге танымал этномузыка орындаушыларының қатысуымен музыкалық бағдарлама күтеді», - деп жазады parstoday.



null

Қазақстанның балық өніміне Қытайда сұраныс жоғары - «Жэньминь жибао» (People Daily)

Қазақстан мен Қытай шекарасындағы «Қорғас» кеден бекеті арқылы Қытайға өтетін Қазақстанның балық өнімдерінің импорт көлемі жыл сайын артып келеді, деп хабарлайды kazakh.people.com.cn сайты.




null

«Қорғас» кеден бекеті арқылы Қазақстаннан мұздатылған итбалық, алабұға, табанбалық, көксерке сияқты балық түрлері импортталады. Қытай «Қорғас» кеденінің ұсынған мәліметіне қарағанда, 2019 жылдың 5 айының қортындысы бойынша, Қытайға импорт құны 10 миллион юань болатын балық жеткізілген. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 15 есеге артық. Ал Қазақстаннан импортталған балықтардың барлығы қолда өсірілмеген, табиғи су айдындарында өмір сүретін сапасы жоғары балықтар. Сондықтан Қазақстан балықтары Қытайда ерекше сұранысқа ие болып отыр», - деп жазады People Daily.

Түркияда тұңғыш Теңіз мұражайы 1897 жылы құрылған - TRT

Түркияның тұңғыш теңіз мұражайы 1897 жылы сол кездің Теңіз министрі Хасан Хүснү Пашаның бұйрығымен Стамбулда құрылды, деп жазады Түркия Радио Телевизия порталы.




null

«1914 жылы Теңіз министрі болған Джемал Паша мұражайда реформа жасап, мұражайдың ғылыми мағынада қайта реттелуі үшін мұражай басшылық міндетіне капитан, суретші Али Сами Боярды тағайындады. Бояр түрік кемелерінің толық және жартылай модельдерінің жасалуы үшін шеберхана құрып, мұражайдың дамуына үлес қосты. Екінші дүниежүзілік соғыс барысында мұражайды қорғау мақсатында Анадолыға көшірілген тарихи жәдігерлер соғыстан кейін орнына қайта жеткізілді. Мұражай 1949 жылы Долмабахче мешіті кешенесіне, артынан Бешикташ ауданына қазіргі мекеніне көшірілді. Падиша қайықтары, түрлі кемелер, тулар, теңізші киімдері, қолжазбалар, карталар, картиналар, алуан түрлі қарулар көрмеге қойылған Стамбул Теңіз мұражайы - Түркияда құрылған тұңғыш әскери мұражай», - деп жазады TRT.

«Бақты» кеден бекетінде жаңа сауда базары ашылды - Қытайдың «Орталық халық радиосы» (CNR)

Қазақстан мен Қытай шекарасындағы «Бақты» кеден бекетінде 18-ші маусым күні халыққа қолжетімді сауда-саттық жасайтын жаңа сауда базарының ресми ашылуы өтті, деп хабарлайды Қытайлық kazakcnr.com сайты.



null

Аталған БАҚ-тың жазуынша, Қытай Халық республикасының Шыңжан өлкесі 8 мемлекетпен шектеседі. Осы елдермен арада 1-ші дәрежелі 19 шекара бекеті бар. Қазірге дейін осы өткізу бекеттерінің 10-нын да шекара сауда базары ашылған.

«Қытайдың «Бақты» кеден бекетіндегі Жаңадан салынған сауда кешенінің негізгі ғимаратында тауарлар көрмесі, іскерлік кеңес орталығы, түрлі сауда орталықтары орыналасқан. Қазақстандық кәсіпкер Айдос Ертарғынұлы бұл базардың екі ел саудагерлерінің сауда жасауына қолайлы болғанын айтады.

«Бұрындары сауда жасау үшін қазақстандықтар көбінесе Үрімжі қаласына сабылатын, енді міне шегара түбінде, жақын жерден үлкен сауда базары ашылып бізге қолайлы болды, осы мүмкіндікті пайдаланып саудамызды жандандырып, кеңейтетін боламыз»,- дейді Айдос Ертарғынұлы.




null

Ал, Қытайлық кәсіпкер Сәуле Молдиярқызы осы сауда базарынан 56 m² бөлмені жалға алып, Қытайда сұранысы жоғары Қазақстаның сапалы, экологиялық таза азық-түлік өнімдерін сататын дүкен ашқан. Билік халыққа қолжетімді сауда-саттық жасайтын базардың тимділігін арттыру үшін саудагерлерге көптеген жеңілдіктер жасаған. Сол тиімділіктің арқасында әкімшілік кәсіпкер Сәуленің азық-түлік сататын дүкенінің 3 жылдық жалға алу ақысын алмайтын болып шешкен. Сонымен бірге базардың басқару қаражаты, су, жарық ақысы да бір жылға кешірім етілген», - деп жазады CNR.

Оңтүстік Корея өзбекстандық мигранттар үшін берілетін квотаны азайтты - «ӨзА» ақпараттық агенттігі

Ташкентте Ақпараттық және бұқаралық коммуникациялар агенттігінде Өзбекстан Республиксының Жұмыспен қамту және еңбек қатнастары министрлігі басшысы мен лауазымды тұлғалардың қатысуымен ашық кездесу өтті, деп хабарлайды Өзбекстанның «ӨзА» мемлекеттік ақпараттық агенттігі.

Аталған ақпарат көзінің жазуынша, министр Шерзад Кубдиев, Корея не үшін өзбекстандықтарға мигранттық квотаны азайтқандығы жайындағы сұраққа жауап берген.




null

«Бізде сынақтан жақсы өткен азаматтар Корея еліне барған соң білімі төмен екені анықталған. Бұдан басқа, мигранттарымыз Кореяда жұмысқа барғаннан кейін жұмыс орындарын ауыстырып, басқа жақсы орындарға жайғасып алған. Екі ел арасындағы келісімшартты осылай бұзу нәтижесінде кореялық әріптестеріміз алдында ыңғайсыз жағдайда қалып тұрмыз. Алдағы кезде келісімді бұзған азаматтарға айыппұл бағасын асыратын боламыз. Себебі кәрістердің өзбек мигранттары үшін берілетін квотаны азайтуының негізгі себептері осылар. Қазірде өзбекстандық 2 миллионға жуық азаматтар Кореяда жұмыс жасайды. Бір жылда елге орташа 4 млрд доллар келеді. Олардың арасында заң бұзғандары бар, оларды Корея елінде уақытша тұтқындалған жерінен корей елімен келісімге келіп елге қайтардық», - дейді министр Шерзад Кубдиев.

Бақытжол Кәкеш

Автор Бақытжол Кәкеш
Басты сөздер: БАҚ, Қоғам,
Жоғары қарай