Ауа райы
Астана 9 °С
Алматы 2 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Шыңжаңда теракт болды

2017 жылдың 15 ақпан 2017 10:50

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытайдың Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық өлкесі Хотан аймақтық үкіметінің мәліметі бойынша, сейсенбі, 14 ақпан күні жергілікті уақыт бойынша 19:20-да Пишан ауданында теракт болды.

Жергілікті үкіметтің ресми сайтындағы мәлімет бойынша, 3 террорист қолына пышақ алып, аудандағы шағын тұрғын үй аймағының тұрғындарына шабуыл жасады. Олардың әрекетінен 5 тұрғын қаза тапты және 5 адам ауыр жараланған. Құқық қорғау органдарының қызметкерлері 3 террористі оқиға орнында атып өлтірді.



null

Теракт болғаннан кейін, аудандағы барлық дүкендер мен қонақ үйлер жабылды. Полиция халықтан үйден шықпауды және жалған ақпарат таратпауды талап етті.

Жергілікті үкіметтің ресми сайтының мәліметінше, қазір Пишан ауданында ахуал тұрақтанды, тиісті тергеу жұмыстары әлі де жүргізіліп жатыр.

Автор Мұхтар Мұрат
Басты сөздер: Әлем,
Жоғары қарай