Ауа райы
Астана -10 °С
Алматы -9 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Сиднейде екі күн түнде температура 39-дан түспеген

2020 жылдың 29 қараша 2020 20:36

СИДНЕЙ. ҚазАқпарат – Сиднейде қараша айындағы ең ыстық түн тіркелді. Екі түн қатарынан температура 39-дан түспеген. Метеобақылау қолға алынғаннан бері мұндай ыстық тіркелмеген, деп хабарлайды ҚазАқпарат Euronews-ке сілтеме жасап.

Аустралияда өте ыстық болып тұр. Жаңа оңтүстік Уэльс, Оңтүстік Аустралия штатында, Виктория штатының солтүстігінде ауа температурасы Цельсий шкаласы бойынша плюс 45-ке жеткен. Осыған байланысты бірқатар өңірде от жағуға тыйым салынды.

Жаңа оңтүстік Уэльсте он шақты жерден орман өртенген. Штат билігі сақ болу керектігін ескертті.

«Тұрғындар былтырғы жаздан кейін өңірімізге орман өрті қаупі жоқ деп санайды. Штат аумағының 90%-ын өрт шалмағаны рас. Алайда бұл Жаңа оңтүстік Уэльс штатының 90 пайызы былтырғыдай орман өрті шығуы қаупі бар аумақ екенін білдіреді», - дейді Жаңа оңтүстік Уэльс штатының полициясы Дэвид Эллиот:

Табиғи өрт Сидней шетіндегі үйлерге қауіп төндіріп тұр. Қалада жаңа рекорд тіркелді. Елдегі метеоны бақылау тарихында кешегі түн қарашадағы ең ыстық түн ретінде тіркелді. Екі күн түнде қатарынан Сиднейде температура 39 градустан асып кетті. Мұндай оқиға 1960 жылдан бері тіркелмепті.

Метеорологтар ыстық ауа райы алдағы бірнеше күнде кетпейді деп отыр.


Фото/bbc.com


Автор Жәнібек Амангелді
Басты сөздер: Әлем, Ауа райы,
Жоғары қарай