Ауа райы
Астана 28 °С
Алматы 30 °С
валюта бағамы
USD 386.77
EUR 427.26
RUB 6.00
CNY 54.56

Сильвио Берлускониді елордада не қызықтырды

2019 жылдың 29 шілде 2019 15:34

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Президентінің Телерадиокешені Италия Үкіметінің сол кездегі төрағасы Сильвио Берлусконидің Қазақстанға жасаған сапарынан видео ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Осы мұрағаттық видеомызда 2008 жылдың қазан айында Италия Республикасы Үкіметінің Төрағасы Сильвио Берлусконидің ҚР-ға жасаған сапарынан үзінді бейнеленген. Ол Астананың көрнекі жерлерімен танысып, Қазақстанның жас астанасындағы сәулеттік шешімдерге тәнті болды», - деп жазылған ҚР Президенті Телерадиокешенінің Facebook-тегі аккаунтында.

Сондай-ақ видеоүзіндіден Италия премьері бастаған делегацияны ҚР Тұңғыш Президенті-Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың әуежайдан күтіп алғанын, олардың Ақордада емен-жарқын әңгімелесуін көруге болады. Ол «Бәйтерек» монументіндегі «Аялы алақан» мүсініне қолын қойып, осы сәтте Қазақстан Әнұранының ойнағанына қуана тәнті болады.

«Еске салайық, Сильвио Берлускони – Италияның бұрынғы премьер-министрі (1994-1995, 2001-2006, 2008-2011 жылдары), «Алға, Италия» партиясының төрағасы. Оның италиялық саясатқа жасаған алғашқы қадамы 57 жасында болды. Ол еуропалық мемлекеттер тарихында үкіметті басқарған бірінші мультимиллиардер. Сондай-ақ, Италияның премьер-министрі лауазымында қызмет атқару уақыты жөнінен рекордшы болып табылады – 9 жыл», - делінген парақшада.






,

Жоғары қарай