Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

СІМ: АҚШ және Германиядағы Қазақстан азаматтары жаңа паспортты 30 күнде алады

2021 жылдың 20 қазан 2021 15:57

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Сыртқы істер министрлігі мен Ішкі істер министрлігі Қазақстан азаматтарына паспортты ресімдеу мерзімдерін қысқарту бойынша «пилоттық жобаны» жүзеге асырып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат СІМ сайтына сілтеме жасап.

Ведомство шет елдерде мемлекеттік қызмет көрсету процесін оңтайландыру шеңберінде, әсіресе COVID-19 пандемиясына байланысты жағдайда, қызмет көрсетудің мерзімдерін қысқартуға ерекше көңіл бөліп отыр.

«Қазіргі уақытта СІМ мен ІІМ Германия аумағында тұрып жатқан Қазақстан азаматтарына паспортты ресімдеу мерзімдерін қысқарту бойынша «пилоттық жобаны» жүзеге асыруда. Бұдан бұрын мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзімі 80 күн болса, ендігіде мемлекеттік органдардың бірлескен іс-қимылы арқасында қызмет көрсетудің мерзімі 30 күнге дейін қысқарды», делінген хабарламада.

Министрліктің мәлімдеуінше, бүгінде Қазақстанның Германиядағы шетелдік мекемелері арқылы өтініш білдірген 33 азамат паспортын жаңадан бекітілген мерзім ішінде алды.

Айта кететіні, «пилоттық жоба» Ресейдегі ҚР Елшілігінде және АҚШ-тағы ҚР шетелдік мекемелерінде сәтті жүзеге асырылып келеді. Паспорт ресімдеу мерзімін қысқартуды көздейтін елдердің тізімін кеңейту жалғасады.


Басты сөздер: ҚР СІМ,
Жоғары қарай