Ауа райы
Астана -1 °С
Алматы 10 °С
валюта бағамы
USD 447.67
EUR 491.36
RUB 5.74
CNY 63.07

СІМ Санкт-Петербургте қазақстандық ІІМ зейнеткері жазатайым жағдайда көз жұмғанын растады

2020 жылдың 24 қаңтар 2020 17:43

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР СІМ ресми өкілі Айбек Смадияровтың хабарлауынша, қазақстандық ІІМ зейнеткері Вячеслав Жексеновтің ажалы ұстамасы ұстап, баспалдақтың құлау салдарынан болған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Біздің дипломаттар полиция учаскесіне барып қайтты. Мәліметтердің бәрін алдық. Ол шынында да, Қазақстан азаматы. Алдын ала нұсқа бойынша, оның ажалы зорлық-зомбылықтан келмеген. Оның ұстамасы ұстап, баспалдақтан құлап қалған. Мұндай ақпаратты бізге ресейлік полиция қызметкерлері ұсынды», - деді Айбек Смадияров СІМ-де өткен баспасөз мәслихатында.

Айбек Смадияров бұл оқиғаға қатысты ресейлік полициядан толымды мәлімет күтіліп отырғанын жеткізді.

Еске сала кетсек, Санкт-Петербургте 62 жастағы қазақстандық ІІМ зейнеткері Вячеслав Жексеновтің мерт болғаны бұған дейін хабарланған еді. РФ Тергеу комитеті қалалық Бас тергеу басқармасының БАҚ-пен байланыс басшысының аға көмекшісі Сергей Капитоновтың айтуынша, 2020 жылдың 21 қаңтарында қаза тапқан 1957 жылы туған зейнеткердің өліміне қатысты тергеуге дейінгі тексеру жұмыстары жүріп жатыр.

«Жазатайым жағдай болған деген нұсқа бар. Ол ишемиялық аурумен ауырған. Есінен танып қалды деген болжам бар. Ол өз денесімен бірдей биіктіктен құлап, жабық бас сүйек-ми зақымын алған», -деді С.Капитонов.



Автор Аян Бекенұлы
Басты сөздер: Оқиға, Ресей, ҚР СІМ,
Жоғары қарай