Ауа райы
Астана 0 °С
Алматы -2 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

СІМ шетелде тұрақты тұрып жатқандарға сол елде қала тұруға кеңес береді

2020 жылдың 20 наурыз 2020 17:42

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанның шет елдердегі Елшіліктерінде жұмыс істейтін қызметкер арасында коронавирус жұқтырғандар жоқ. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазақстанның әрбір Елшілігінде жедел штаб құрылған. Олар қоңыраулар мен электронды пошта арқылы өтімдерді қабыл алып, күні-түні жұмыс істеп жатыр. Өтініш түскен сәттен-ақ оларды тексеріп, консульдық есепке аламыз, жергілікті билікпен байланысамыз. Негізінен сол елдердің Сыртқы істер министрліктері арқылы жұмыс істеп жатырмыз. Дипломаттардың ешқайсы вирус жұқтырған жоқ. Дипломатиялық корпус өкілдіктерімізден де короновирус жұқтырды деген күдігіне іліккендер болған емес. Дегенмен, олар өздерінің денсаулықтарына қатер төндіре отырып, алдығы шетпе жұмыс істеуде. Дипломаттарымыз адамдар көп жиналатын әуежай сияқты жерлерге өз көліктерімен жиі барып, азаматтарымызды шығарып салады», - деді Айбек Смадияров.

Оның атап өтуінше, коронавирус өршіп тұрған елдердегі дипломаттардың отбасылары үй режиміне ауыстырылған және ешқайда шықпайды. Балаларды қашықтан білім алуда немесе демалысқа жіберілген.

«Денсаулық сақтау министрлігінің штабымен, әкімдіктермен тығыз жұмыс істеп жатырмыз. Бүгіннен бастап азаматтарымыз елге орала бастайды. Түрлі елдерде тұрақты тұратын, жұмыс істейтін, оқитын азаматтарымыз бар. Олардың әрқайсысы дербес шешім қабылдайды. Дегенмен, біз оларға тұрып жатқан елдерінің ережелерін сақтауға және сол жерде қалуға кеңес береміз. Бірақ, азаматтарымыз елге оралуға ниет білдірсе, онда Үкімет оларды елге алып келеді»,- деді Айбек Смадияров.


Жоғары қарай