Ауа райы
Астана 31 °С
Алматы 32 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

СІМ: Түркиялық қандастар медицина жабдықтарын Қазақстанға жібере алмай жатқаны шындыққа жанаспайды

2020 жылдың 12 шілде 2020 16:50

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Түркиядағы қазақ диаспорасы қаражатынан алынған медициналық бұйым мен жабдықтардың екі аптадан бері Қазақстанға жіберілмей жатқандығы жөніндегі ақпарат шындыққа жанаспайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Әлеуметтік желілерде Түркиядағы қазақ диаспорасы қаражатынан сатып алынған медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық жабдықтардың екі аптадан астам уақыт ішінде Қазақстанға жіберілмей жатқандығы туралы ақпарат шындыққа жанаспайды. Сонымен қатар, Үкімет бұл жүкті Қазақстанға жеткізуге көмек көрсетуді әдейі созып отыр деген ақпарат негізсіз.
Осыған орай, Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Анкара мен Ыстанбұл қалаларынан Түркия үкіметінен ресми гуманитарлық көмекті, Түрік қазақтары қауымдастығы (KATEAD) мен Қазақстан азаматтарының бастамашыл тобы сатып алған жүкті елімізге жеткізуді пысықтап жатқандығын хабарлаймыз», делінген министрліктің Telegram-дағы парақшасында.
Бұл жүктерді жеткізудің жалпы үйлестіру жұмыстарын Қазақстанның Түркиядағы Елшілігі жүзеге асырады. Сондай-ақ, осы ынтымақтастық туралы ақпаратты KATEAD сайтында жариялады.
«Жүктерді авиакомпаниямен Анкара-Алматы бағыты бойынша жеткізу ағымдағы жылдың 14 шілдесіне жоспарланған.
Осы ретте жалған немесе тексерілмеген ақпаратты таратпауды сұраймыз», делінген хабарламада.


Жоғары қарай