Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Сингапурда Қазақстан тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай фото көрме өтті

2021 жылдың 28 тамыз 2021 18:13

СИНГАПУР. ҚазАқпарат - Қазақстанның Сингапурдағы Елшілігі Сингапурдың ресми тұлғаларының, MDIS профессор-оқытушылар құрамының, сол келде аккредиттелген дипломатиялық корпустың, сондай-ақ қазақ диаспорасы мен Сингапур жұртшылығының қатысуымен Сингапур менеджментті дамыту институтының (MDIS) ғимаратында Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай фото көрме ұйымдастырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Көрмеде Қазақстан, еліміздің ғылыми-техникалық жетістіктері және мемлекетімізді мекендеген түрлі ұлт өкілдерінің көпқырлы мәдениеті туралы фото-және бейнематериалдар көрсетілді.

Іс-шараны ашқан Қазақстан Елшісі Аркен Арыстанов мемлекетіміздің тәуелсіздік жылдарындағы негізгі жетістіктері туралы айтып, еліміздегі өзекті саяси және экономикалық реформаларға, Қазақстанның Сингапурмен екіжақты ынтымақтастығының барысына жеке тоқталды.







Сингапурдың Қазақстандағы Елшісі Зулкифли Бахарудин қатысушыларды айтулы күнмен құттықтап, Орталық Азия өңіріндегі көшбасшы ел ретінде Қазақстанның жарқын болашағының кең перспективаларын атап өтті.

Өз кезегінде, MDIS президенті Эрик Куан Қазақстанның жетістіктеріне таңданысын білдірді, халықтың сауаттылығының жоғары деңгейін атап өтті және ҚР Үкіметінің елдің ғылыми-технологиялық дамуын қолдау жөніндегі шараларын атап өтті.














Жоғары қарай