Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Сингапурда вакциналанбаған 12 жастан асқан тұрғындар көпшілік жерлерге жіберілмейді

2021 жылдың 11 қазан 2021 14:30

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат –Сингапур 12 жастан асқан вакциналанбаған тұрғындарға көпшілік жерлерге баруға тыйым салды. Бұл туралы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның Telegram-каналында айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Чили үкіметі ел тұрғындарын COVID-19-ға қарсы вакцина алуды жалғастыруға шақырады. Атап айтқанда, Денсаулық сақтау министрі Энрике Парис індеттен ауыр жағдайларды немесе өлімді болдырмау үшін азаматтарды иммундау маңызды деп санайды. Екі айға жуық аталмыш елде коронавирус пандемиясына қатысты ахуал жақсара бастаған болатын - күніне 300-ге жуық жағдай. Ал кейінгі үш күн қатарынан тәулігіне 1 мыңнан астам оқиға тіркеліп отыр.

«Өкінішке орай, реанимация бөлімшелеріне түсетін немесе COVID-19-дан қайтыс болған адамдар – вакцина алмағандар», - деді Парис.

Денсаулық сақтау министрлігі 10 қазанда инфекцияның жаңадан 1105 дерегі анықталғанын және 10 өлім жайдайы болғанын хабарлады. Осылайша, коронавирус жұқтырғандардың жалпы саны – 1 662 443, қайтыс болғандар саны 37 564 жетті. Бүгінгі таңда Чили халқының 88,98% COVID-19 вакцинасының екі дозасын алды, ал 3,7 миллион адам күшейткіш дозасын жасатқан.

Вакцинацияға қарсы адамдар үшін жеңілдіктер жоқ. Сингапур үкіметі эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауына байланысты 12 жастан асқан вакциналанбаған тұрғындарға көпшілік жерлерге баруға тыйым салатын ережелер қабылдады. Жақында карантиндік шектеулер жойылғаннан кейін індетке шалдыққандар саны тез арта бастады. Қазіргі уақытта жұқтыру фактісі тәулігіне 3,5 мыңнан асады.

Сондықтан, 13 қазаннан бастап COVID -19 вакцинациясының тек толық курсынан өткен азаматтар ғана тамақтану орындарына бара алады. Қалғандарына тамақты өздерімен алып кетуге рұқсат берілген. Сонымен қатар, екі вакцинаны да алғаны туралы сертификат болған жағдайда ірі сауда орталықтарына баруға болады.


Жоғары қарай