Ауа райы
Астана -17 °С
Алматы -1 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Синоптиктер 5 өңірде ескерту жариялады

2020 жылдың 5 қараша 2020 19:10

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Қазгидромет» РМК 6 қараша күні ауа райының бұзылуына байланысты бірнеше өңірде ескерту жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атап айтқанда, Ақмола облысында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с артады.

Қостанай облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші күндіз 15-20 м/с жетеді.

6-7 қарашада Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болжанады. 6 қарашада күндіз, 7 қарашада тәулік бойы оңтүстік-батыстан жел соғады, кей жерлерде күші 15-20 м/с күшейеді.

Жамбыл облысында кей жерлерде солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысып, екпіні 15-20 м/с артады. Кей жерлерде тұман күтіледі.


Жоғары қарай